Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Президент осы уақытта Зеренді ауданындағы «Шортанды сүт зауыты» серіктестігінің жұмысымен танысып жатыр.
Аймақта 483 мың сайлаушы тіркелген. Есеп бойынша облыста 815 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Соңғы мәжіліс және мәслихат сайлауында өңір тұрғындарының 78 пайызы науқанға қатысқан...
Ақмола облысындағы отандық тауар өндірушілер де жаңа Жолдауды мұқият тыңдап, болашаққа үміт артты. Осынау маңызды құжаттың өмірімізге игі өзгерістер әкелетініне ақмолалықтар да сенімді.